Бомба және баяу зорлық-зомбылық туралы: Қазақстандағы ядролық әдебиет және Маохи Нуи

1959 жылы 4 қарашада БҰҰ-ның Қарусыздану және халықаралық қауіпсіздік жөніндегі комитетіндегі француз делегаты Жюль Мох БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде сөз сөйлеп, Алжирді бомбалауды ұсынды. Мох Францияның ядролық қаруын Сахара шөлінде сынауды жақтап, ол «ешкімге ешқандай қауіп төндірмейтінін» алға тартты. Марокколық делегат Ахмед Тайби Бенхиманың қаупіне жауап ретінде Мох «ерекше алаңдап отырған» өкілдердің қаупі негізсіз екенін мәлімдеді (Мох өзінің көзқарасын «байыпты, ақылғы қонымды әрі ғылыми» деп бағалап, әлгіндей пікірлерді «қауесетке құрылған әңгіме» және «эмоциялық сипаттағы қарсылық» деп атады). «Марокко өкілі жаңа ғана тілге тиек еткендей қауіп жоқ»1 1 БҰҰ “1043-ші жиналыстың қысқаша есебі: 1-ші комитет” Орталық мекемесі, Нью-Йорк, сәрсенбі, 4 қараша, 1959 жыл, Бас Ассамблея, 14-ші сессия.  деп жалғастырды ол.

Мохтың Комитетке таныстыруында үш карта көрсетілді (1-сурет), оның біреуінде ғана француздар бомба тастайтын жер бейнеленген, ол — Сахара шөліндегі Танезруфт аймағы.2 2 “Француз және Сахара сынақтары бойынша делегаттардың сөйлеген сөздерінен үзінді”, The New York Times, 5 қараша, 1959 ж. Сондай-ақ қараңыз: Jill Jarvis, “Radiant Matter: Technologies of Light and the Long Shadow of French Nuclear Imperialism in the Algerian Sahara,” Representations, 1 Қараша 2022; 160 (1), 78-79. Невада мен Семейдегі қалған екі карта салыстырмалы мақсатта қызмет етті: «Француз сынақтары, — деп жалғастырды Мох, — АҚШ пен Кеңес үкіметі бомба жарған басқа шөлдер мен жазықтарға қарағанда, елді мекендерден әлдеқайда алыс ауданда болады. Әрі екі мемлекеттің ядролық сынақ бағдарламаларының салдары орасан зор аумақты алып жатқанын есепке алсақ, радиоактивтіліктің жаһандық деңгейіне іс жүзінде елеусіз ғана әсер етеді».3 3 Біріккен Ұлттар Ұйымы, “1043-ші жиналыстың қысқаша есебі”.

1-сурет: New York Times басылып шыққан Мох мәлімдемесінде көрсетілген карталар. «Делегаттардың Сахарадағы сынақтар туралы француз тілінде сөйлеген сөздерінен үзінді», The New York Times.
1-сурет: New York Times басылып шыққан Мох мәлімдемесінде көрсетілген карталар. «Делегаттардың Сахарадағы сынақтар туралы француз тілінде сөйлеген сөздерінен үзінді», The New York Times.

Тарихи одақтасы саналатын АҚШ-тың ғылыми және технологиялық жетістіктері Францияны да төл үлгісін құруға итермеледі деуге болады әрі Франция АҚШ-пен дискурсивтік туыстық қатынасқа ұмтылғаны түсінікті4 4 Gabrielle Hecht, The Radiance of France : Nuclear Power and National Identity after World War II, (Cambridge: MIT Press, 2009), 1-2. . Алайда Мохтың Кеңес үкіметін атап өтуі таңғалдырады, Кеңес билігі сол кезде Алжирдегі француз отарлық билігін ашық сынаған әрі Алжирдің ядролық қаруы диаметрі жағынан Францияның капиталистік жобасына қарсы коммунистік заманауи жобаның бөлігі ретінде жасалған. Оның орнына Мохтың үш картасы белгілі бір экономикалық жүйеге немесе интернационалистік дүниетанымға шексіз берілумен емес, ядролық бомбаларды жасаудың ортақ жобасымен байланысты әлемдік алпауыт державалардың жаңа типті трансұлттық қауымдастығын құруға шақырды. Әрі бұл сөзсіз қазіргі немесе бұрынғы империялық шеткері аймақтардағы шөл далада немесе шекаралас аймақтарда жарылуға тиіс еді5 5 «Ядролық империализм» терминін қолдануым Джарвистің «Radiant Matter»» еңбегіне негізделген, 58.  . Басқаша айтқанда, Мох өз елінің ядролық империализмнің трансұлттық режиміне мүше болуға ұмтылатынын түсінді. Түйіндей келе, Мох Франция атом ядросы саласындағы жарылғыш энергияны шығаратын төртінші мемлекетке айналатынын айтты6 6 Біріккен Ұлттар Ұйымы, «1043-ші кездесудің қысқа есебі». Ядролық қару жасау операциялары әлдеқайда аз болған Ұлыбритания өзінің алғашқы бомбасын 1952 жылы Австралияда жарды. .

Франция бірнеше айдан кейін, яғни 1960 жылы ақпанда Регган маңында Алжирді бомбалай бастады, содан кейін екі жылдан соң операцияны Ин Эккерге, ал төрт жылдан кейін, 1966 жылы Маохи Нуиге (Француз Полинезиясы деп те аталады) ауыстырды. Осы уақытқа дейін Америка және Кеңес Одағы үкіметі шамамен жиырма жыл бойы жерүсті және жерасты ядролық сынағын жүргізді: алғашқы америкалық бомба «Тринити» 1945 жылы Невадада жарылды; алғашқы совет бомбасы «Первая молния» төрт жылдан кейін Қазақстандағы Семейде сынақтан өтті. Ядролық сынақтар 1980 және 1990-жылдарға дейін барлық үш полигонда жалғасты; 1996 жылы жерасты бомбалары жарылған Полинезиядағы Фангатауфа атоллындағы француз полигоны соңғы болып жабылды. 

Бұл жеке мемлекеттік ядролық бомбалау жобалары және олардың байырғы халықтардың өмірі мен тіршілігіне жойқын әсері салыстырмалы түрде жақсы зерттелген. Алайда ядролық империализмнің жалпы трансұлттық жобасының бөлігі ретінде бір-бірінен мыңдаған миль қашықта болған бұл жарылыстарды түсіну үшін әлі де талай дүние жүзеге асуы керек. Әртүрлі мемлекетте ядролық қаруды өндіру мен сынауға қатысты ұлтшылдық риторикасына қарамастан, ядролық бомбаларды жасау және жару жобасы іс жүзінде бірлескен және трансұлттық болды, ал аталған жобалардың мемлекеттік сәулетшілері, Мохтың мәлімдемесінде айтылғандай, бір-біріне дискурсив түрде ғана емес, кейбір жағдайларда материалдық тұрғыда да сүйенді: мысалы, кейбір француз зерттеушілері Манхэттен жобасында жұмыс істеді және халықаралық конференциялар кейбір ақпарат алмасуды жеңілдетті7 7 Hecht, The Radiance of France, 1-3. .

Бірақ жарылыстардың өзі ядролық империализмнің жалпы трансұлттық жобасының бір бөлігі болса, байырғы халықтардың оларға қатысты трансұлттық ауқымдағы жауаптарын түсіне аламыз ба? Кейінгі уақытта тек жергілікті белсенділік пен француз, Кеңес және Америка бомба сынағына қарсылықты ғана емес, сонымен қатар олармен жергілікті әдебиет-өнер тұрғысындағы қарым-қатынасты зерттейтін мықты және керек жобалар пайда болды. Ядролық империализмнің ортақ тәжірибесі мен оның мұрасын ескере келе, бір-бірімізбен сөйлесе отырып, осы шығармаларды оқығанда не болады? Оларға түрткі болған ортақ жайттар мен қауіп-қатер трансұлттық кәсіпорын ретіндегі ядролық империализмге қатысты бізге нені үйрете алады? 

1991 жылы жарық көрген Шанталь Шпицтің L’île des rêves écrasés  («Мезгілсіз үзілген армандар аралы») романы және 2011 жылы шыққан Хамид Исмаиловтың «Мертвое озеро» («Өлі көл»8 8 (Вундеркинд Ержан деп те атайды). ) романы Маохи Нуи мен Семейдегі ядролық сынақ жобалары туралы баяндайды. Екі туынды да жарылыстың қатыгездігі мен өздеріндегі прогрестің ұлтшылдық риторикасы (яғни, француз және кеңестік) туралы ұқсас оқиғаларды баяндайды. «Өлі көлдегі» кейіпкерлердің бірі: «Біз америкалықтарды қуып жетеміз және оларды басып озамыз»9 9 “Мы не только догоним, но и обгоним американцев!” Hamid Ismailov, “Vunderkind Erzhan,” Druzhba narodov 9 (2011), https://magazines.gorky.media/druzhba/2011/9/vunderkind-erzhan.html.  Бәрін өзім аударғам. , — дейді; «Мезгілсіз үзілген армандар аралында» француздың ядролық қару нысанын салу салдарынан жойылған жерлердің фотосуреттеріне мұқият қарап отырған француз ғалымы: «Бұл біздің еліміздің ұлылығын көрсететін прогрестің айқын куәгері»10 10 “Ce sont les témoins flagrants de ce progrès, ceux qui déposeront en faveur de la grandeur de notre pays.” Chantal Spitz, L’île des rêves écrasés (Pirae: Au vent des îles, 2007 [Kindle Edition]), 124.  Бәрін өзім аударғам. , — дейді. Басқаша айтқанда, екі мәтін де айқын трансұлттық және ядролық зорлыққа тәуелді саналатын жиырмасыншы ғасырдағы мемлекеттік прогрестің ортақ тарихи тәжірибесін көрсетеді. Алайда, екі мәтін де жазу процесінің өзіне назар аударады әрі бұл қауіп әсіресе ядролық империализм тәжірибесі мен оның зардаптары контексінде ашылады.

Біз аталған авторлардың жазу және баяндау әрекетіне ерекше қызығуын ішінара олардың тақырыбының салдары деп түсінуіміз мүмкін: ядролық сынақтардың зорлығы мен қорлығын бейнелеу оның болмысына сәйкес өте күрделі және елестету де оңайға соқпайды, ал жекелеген бомбалар танымал мәдениетте сирек көрініс табады (мысалы, 2023 жылы «Оппенгеймер» фильмі 1945 жылы сынақтан өткен «Тринити» туралы көрсеткендей), ядролық сынақ көпжылдық мемлекеттік жоба ретінде оны қолдайтын және құрайтын бюрократиялық және әкімшілік аппараттар жалғыз, шектеулі оқиғаның көрінісінен айырылған. Оның үстіне бұл қайталанатын ядролық жарылыстардың салдары көбіне тікелей сезілмейді: радиоактивтілік техникалық тұрғыдан өлшенетін болса да, оны арнайы құралдардың көмегінсіз адамның сезім мүшелерімен анықтау мүмкін емес. Радиациялық әсердің денеге әсер етуін байқауға және сезуге болатынына қарамастан, олар көбіне ұрпақ жалғастығын есепке алмағанда, ұзақ жыл бойы баяу пайда болады және көбінесе «радиоактивті» деп санау үшін ғылыми немесе медициналық сарапшыларға жүгінуді талап етеді. Роб Никсонның11 11 Мұны да қараңыз: Rob Nixon, Slow Violence and the Environmentalism of the Poor (Cambridge: Harvard University Press, 2011). жаһандық оңтүстіктегі ұзақ мерзімді қоршаған ортаны бұзуға арналған атақты терминін тілге тиек етсек, ядролық сынақ кезіндегі зорлық өз алдына «баяу зорлау әрекеті», ол баяндау құрылымы мен дәйектілікке бағынбайды.

Осылайша, Шпиц пен Исмаиловты алаңдататын мәселелер, бір жағынан, экология тақырыбын қаузайтын әдеби авторлардың алдында тұрған сұрақты қозғайды, яғни баяу зорлық әрекеті бар әдебиет қандай болуы мүмкін? Шамамен көзге көрінбейтін, жылдарға созылған экологиялық және физикалық бұзылу процесін нанымды түрде қалай сипаттауға болады? Бірақ бұл сұрақтарға жауап берудің орнына, Шпиц те, Исмаилов та ядролық зорлық-зомбылықты нанымды түрде көрсету жобасының өзіне күмән келтіреді.

«Өлі көл» мен «Мезгілсіз үзілген армандар аралын» қатар алып қарастырғанда, ядролық империализмді трансұлттық жоба ретінде қарастыратын жазу жұмыстарына қатысты мазасыздық танытады. «Өлі көлдің» хикаясы автордың баяндауына сәйкес, «тым прозалық» сипатта басталады: ер адам пойызда өзінен екі есе жас, жүзі «жетілген», ал тәні жас баланікінен еш айырмасы жоқ жиырма жеті жастағы бейтаныс ер адамды кездестіреді. «Өлі көлдегі» оқиғалар бейтаныс Ержанның өмір тарихын баяндауы кезінде өрбиді: оқырман оның алғашқы махаббаты, скрипка тарту қабілеті, орыс тілін жетік меңгергені және тағдырына әсер еткен «өлі көлмен» кездесуі туралы хабардар болады. Көлдің тұнып тұрған үрейлі радиациялық суы Ержанның бойының өсуіне кедергі келтіріп, бет-әлпеті мен бойының мәңгіге өзгермей қалуына түрткі болады. 

Хамид Исмаиловтың 2011 жылғы шығармасы көбіне Семей полигонында жүргізілген ядролық сынақтардың салдары туралы тікелей пікірге жатады. Эпиграфта публицистикалық тұрғыда дәл атап өткендей, 1949–1989 жылдар аралығында жүргізілген 450-ден астам ядролық сынақ салдарынан елді мекендерде радиацияның қауіпті әрі өлімге әкелетін мөлшері шығарылды12 12 Хамид Исмаилов, «Өлі көл», аударған: Эндрю Бромфельд (London: Pereine Press [Kindle Edition], 2014), 5. .

Мегатоннамен өлшенетін бұл сынақтардың жалпы жарылғыш күші Американың Хиросиманы бомбалауынан мың есе артық болды13 13 Тоғжан Қасенова, Атом улаған дала: Қазақстанның бомбадан бас тарту жолы, Redwood City: Stanford University Press, 2022), https://doi-org.yale.idm.oclc.org/10.1515/9781503629936, 28. . Егер оқиға Семейдегі ядролық сынақтардың «баяу зорлығын» қағазға түсіру әрекеті болса, «Ержан» ауқымы басқаша баяндауға мүлдем сәйкес келмейтін экологиялық апаттың нақты көрнекі бейнесі ретінде қызмет етеді. Автор қорытып айтқандай, біз Ержанның жарымжан тәнінен «онда қалып қойған тұтас бір дәуірді көруге міндеттіміз»14 14 Исмаилов, Вундеркинд Ержан. .

Кітапта Семейдегі ядролық сынақтардың «баяу зорлық» табиғатына тікелей қатысты болғанымен, бұл зорлық әрекетінің қалай баяндалып, қалай жазылғанына да өте сезімтал қарайды: Ержанның әңгімесі, әңгімені баяндау өзегі толығымен баяндаушының Қазақстан ішінде пойызбен сапары аясында өрбиді, оның өзі әуелі «баяғыда» болған оқиғалардың естелігі, содан кейін көркем шығарма ретінде беріледі. Шығарманың соңында баяндаушының тарқатуға тырысатын әңгімесі мен оқиға арасында өзара конфликт пайда болады: біріншісі екіншісіне сәйкес келмейді, нақтырақ айтқанда, оған қайшы келеді, ал туындының ең соңында баяндаушының өзі жазған мейлінше нанымды және жағымды оқиғаға алмасады. Баяндаушының тайғақтығына оқырманның көзін жеткізе отырып, «Өлі теңіз» соңғы түйініне нұқсан келтіріп қана қоймай, сонымен қатар ядролық сынақтардың қатыгездігін нанымды бейнелеу жобасына күмән келтіреді және оны проблемаға айналдырады. Хикаятта осынау баяу өрбитін ядролық зорлыққа жол берілгенде нені жоғалтамыз деген сауал қойылатын сияқты. Баяндаушы Ержанды пойызда алғаш кездестіргенде оның ядролық зорлық туралы айтқан әңгімесін қызықсыз деп санайды. Әңгіменің басында ол былай дейді:

Дала жолдары, ол тіпті теміржол болса да, ұзақ, бірсарынды, жол қысқарту үшін әңгіме-дүкен құрғанда ғана алыстайсың. Ержанның әңгімесі пойыз терезесінен көрінген сымдар сияқты – бағанадан бағанаға, бағанадан бағанаға ағып өтіп, дөңгелектің тарсылы оның әңгімесіне тарс-тұрс, тарс-тұрс ырғақ сыйлайды…

Бірақ бұл туралы кейінірек. Бірде қаладан өздерін мәңгілікке жұтып алатын телевизор атты ғажайыпты алып келген соң, Ержан Шәкен көкесіне қарай ентелей жүгірген еді.. 

Ал оған дейін… Оған дейін...15 15 Исмаилов, Вундеркинд Ержан

Баяндаушы Ержанның оқиғасын дала инфрақұрылымы тілімен сипаттайды: Ержанның әңгімесі де пойызбен қатар жарысып келе жатқан сымдар сияқты («бағанадан бағанаға, бағанадан бағанаға жарысқан») тік сызықты, тоқтаусыз айналған пойыздың дөңгелектері сияқты ырғақты (сарт-сұрт, сарт-сұрт) қайталанады. Бұл сипаттау айқын бағалауды білдіреді: Ержанның оқиғасын баяндаушы оны «бүкіл дала жолына» тән еріксіз, «бірсарынды» қасиеттерге телиді. [1] Бұл салыстыру келесі тараудың басында одан да айқынырақ бола түседі; Ержанның әңгімесін жалғастыра отырып, баяндаушы оны былай деп толықтырады: «The train traveled across the steppe, like Yerzhan's story – without stopping. Without stumbling, forward and forward»16 16 Исмаилов, Вундеркинд Ержан .

Ержанның оқиғасы баяу зорлықты баяндау әрекеті болса, әңгімеші үшін ол сәтсіз шығады: оның оқиғасы құлақ қойып тыңдайтындай қызықты емес, «бірсарынды» және әңгіме-дүкен құратындай да емес. Осылайша, баяндаушы Ержанның оқиғасын оның бірсарынды ырғағынан («бекеттен бекетке», «ырғақтан ырғаққа», «алға жүйтку») алшақтатып, қызықтыра түсу үшін («бұл туралы кейінірек», «бірақ оған дейін… оған дейін…») қалауынша құрастыра бастайды. Алайда кейіннен «Өлі көлде» бетбұрыс болады: Ержан ұйықтап қалса да, оның оқиғасы жалғасын табады. Себебі баяндаушы өз еркімен Ержанның алдағы өмірінің бірнеше жылын ойдан құрастырады:

Көз алдымда шексіз бағаналары бірімен бірі жарысқан дала тұр, ол құдды ноталары, ырғағы бар бітпейтін музыка сияқты, бірақ оның мағынасын ұқпайтын сыңайлымын. 

Мен көзімнің қиығымен жоғарғы жақта өмірден әбден баз кешіп, бұйығып жатқан балаға қарап, бұл оқиға қалай аяқталды екен деп қиялымды сан-саққа жүгірттім. Сол кез бен бүгінгі күн, дәлірек айтқанда, мен ұйықтай алмаған осы түннің арасында не болды екен?

Сайын далада зулап бара жатқан пойызымыздың ұзын-ырғақ жолының сызығындай өзім естіген және өзім білмейтін дүниелер арасында сызық салуға тырыстым.17 17 Исмаилов, Вундеркинд Ержан

Әдеттегідей баяндаушының араласуы баяндау мазмұнын қанық ете түсуге ғана емес («естігенім мен білмегенімнің арасын толтыру»), сонымен қатар Ержанның «біржақты» әңгімесін бұзуға да қызмет етеді. Әңгімеші оны тағы да «тоқтаусыз бекеттері бар», қайталана беретін «ырғақтың дыбысы» және «мағынасы» түсініксіз кең даланың бірсарындылығымен салыстырады. Тиісінше, Ержанның өмірі туралы әңгімеші «ойдан шығарған» оқиға белгілі баяндау логикасына сүйенеді және айдан анық «мағынамен» түйінделеді.

Ержан қарсыдағы төсекте ұйықтап жатқанда, баяндаушы өзінің ядролық зорлық тәжірибесін тек мифология мен фольклор тұрғысынан ғана түсінетін, соның ішінде Лубсан жынды өлтіру үшін аспаннан жіберілген Тәңірдің ұлы Гесер туралы тәңірлік мифке арқа сүйейтін, ойдан шығарылған «Ержанды» ойлап табады. Семей полигоны маңындағы радиациялық суға түсіп, мүгедектікке тап болғанға дейінгі оқиғаға ой жүгірте отырып, «Ержан» былай деп түйіндейді:

Ержан өзінің басында қайта-қайта ойнаған жыр сияқты, мұның да өзі туралы ертегі екенін және өзін тас-түйін ұстап алып, жібермейтін жұмбақтарды шешуі керек екенін түсінді… 

Зона! Зона! — міне, қорқынышты жын Лубсан, — деп ойлады ол келесі түні. Бұл Зона оны тұтқынға алды. Санасынан бәрін өшіретін сусын ішкізді. Ол ешқашан өзі жүзіп көрмеген Өлі көлге жетпейінше, ешқашан азғырудан құтылмайды. Өйткені ертегі Өлі көлде оны Тәңірі азғырудан құтқарады деді ғой18 18 Исмаилов, Вундеркинд Ержан. Сондай-ақ құдіретті «Зона» ғылыми фантастикадан алынған жанрдың басқа түрін білдіруі мүмкін; «Зонаның» сарыны ағайынды Стругацкийлердің «Жол бойындағы сейіл» романына арқау болды, оның негізінде «Сталкер» фильмі түсірілді (реж. Андрей Тарковский, 1979).


Әңгімешінің баяндауында Кеңес Одағының бомбалауының баяу өрбіген зорлығы шамамен фантастикаға айналады, себебі әңгімешінің қарапайым тіркестерді тілге тиек етуі Ержанның «бірсарынды» әңгімесін қызықты ете түседі («Зона! Зона!... Бұл сол сұмпайы жын, Лубсан»). Мифологияға сілтеу де Ержанның оқиғасын айрықша баяндаудың өзіндік логикасын көрсетеді: «Ержанның» мүгедектігі ол «азат бола алатын» өзіндік «сиқырға» айналады; ересек «Ержан» қайтып оралатын Өлі көл оның сәулеленуіне қатысты қарапайым әрі қатыгез фактіден тыс белгілі бір символдық мәнге ие болады. Шынында, баяндаушы үшін Өлі көл, Ержанның сөзінше, «америкалықтарды қуып жету» жобасымен анық байланысты болған кеңестік өнертабыс, яғни нақты ядролық мәнді білдірмейді; ол мифке айналып, өзінің қалыптасуының саяси шындығын жоғалтады.

Ержанның әңгімесінің мән-мағынасын түсіну үшін баяндаушы мифология жанрына сүйенеді. Хикаяттың соңында ол былай деп сауал қояды:

Міне, жоғарыда он екі жасар тәнінде қамалып қалған 27 жастағы бала отыр. Әңгіме не туралы еді? Уақыт па, әлде ғайыптан тайып менің алдымда ашылуға тиіс тұтас дәуір оның тәнінде тынып қалды ма? Ол өзімен дене мен көлеңке сынды екі әлемді — мәңгілік бала, жаратылыс — Puer aeternus пен мәңгілік аспан азғыратын Гесер немесе Эросты байланыстырды ма? Ендігі жерде жоқ үлкен елдің кішкентай адамы не туралы сөз қозғайды?19 19 Исмаилов, Вундеркинд Ержан.

Ақыр соңында, баяндаушы Ержаннан бәрінен бұрын тарихты көреді; оның бойында «тұтас бір ғасыр» бұғып жатыр, бірақ оның ядролық мәні жоқ. Ержанның «енді мүлдем жоқ ұлы» Кеңес Одағына аз да болса қатысы болғандықтан, оның бейнесі кез келген зорлық-зомбылықтан толықтай ажыраған. Оның орнына, Ержан «мәңгілік бала», «Гэсер немесе Эрос», яғни Ержанмен жасынан басқа ортақ ештеңесі жоқ гректің мәңгілік херувимінің абстрактілі идеясына барып тоқтайды. Біздің түсінуімізше, баяндаушы оқиға іздейді: осы тұста оның негізгі сұрағы пайда болады — «Ержан не туралы айтқысы келеді?».

Баяндаушы Ержанның оқиғасын түсінікті етіп, нанымды, белгілі бір баяндау логикасымен жеткізу үшін мифтің жалпы сұлбасына сілтеме жасайды. Бірақ оқиғаны мейлінше «бірсарынды» етуге тырыспайтын әңгімешінің араласуының арқасында ондағы зорлық мүлдем жоғалады; бұл оқиғадағы қайғылы жағдайлар айқын және саяси емес, шындыққа жанаспайтын және фантастикалық болып шығады, себебі Ержан ештеңеге қарамастан, прогреске деген сенімнің құрбанына емес, құдайлар мен «мәңгілік ұлдардың» мейлінше ауқымды канонына енеді.

«Мезгілсіз үзілген армандар аралы» — таитилік жазушы әйел Шанталь Шпицтің 1991 жылы жарық көрген, тұтас бір буынды қамтыған Маохи (Mā’ohi) отбасы туралы баяндайтын романы. Француз бомбалары мен оларға Маохилердің қарсы тұру тарихын ұсынады: романда француз ядролық сынақтары он сегізінші ғасырда миссионерлердің келуімен басталған Маохи Нуидегі ғасырларға жалғасқан отарлық зорлық-зомбылық пен үстемдіктің төтенше салдары ретінде жазылады. Француз билігі Тынық мұхитын зерттеу орталығының баламасы саналатын, 1966–1996 жылдар аралығындағы Моруроа мен Фангатауфа маржан аралдарында жарылған 193 бомбаның өндірісіне жауапты кәсіпорын — Ядролық қаруды зерттеу орталығын құрған кезде романның бас кейіпкерлері, әпкелі-інілі Тетиаре мен Терия жас еді20 20 Моруроа файлдары: Тынық мұхитындағы француз ядролық сынақтарын зерттеу.https://moruroa-files.org/en/investigation/moruroa-files. . Қазір нақты анықталғандай, француздардың Маохи Нуиді бомбалауы қатыгездік еді: бірнеше бомба әдейі елді мекендерге21 21 Моруроа файлдарын қараңыз. жақын жерде жарылды, ал оның қазіргі тұрғындары қалқанша безінің қатерлі ісігінен зардап шегуде22 22 Моруроа файлдары. . Ондаған жылға жалғасқан бомбалау аралға да зиянын тигізді: 1979 жылы жерасты бомбасы қателікпен қалыпты деңгейден таяз тереңдікте жарылғаннан кейін, Моруроа су астындағы құрлықтан 110 миллион текше метр маржан мен базальт жыртылып, тоғыз фут биіктікке көтерілген толқын жақын маңдағы архипелагты басып өтті23 23 Моруроа файлдары. IPPNW, «The Devastating Consequences of Nuclear Testing Effects of Nuclear Weapons Testing on Health and the Environment», https://www.ippnw.org/wp-content/uploads/2024/01/IPPNW_Report_Nuclear_Tests_EN.pdf, 20. . Бірақ тіпті 1991 жылы, соңғы CEP бомбасының жарылуынан бес жыл бұрын және француз үкіметінің мұрағаты жарияланғаннан ондаған жыл бұрын «Мезгілсіз үзілген армандар аралы» романында жарылыстар апокалипсис ретінде көрсетіледі: Жердің жаратылуынан басталатын роман көп ұзамай алғашқы бомба тасталғаннан кейін аяқталады24 24 Оқиғасы жиырма жылдан кейін болатын эпилогты есепке алмағанда. .

Бірақ «Өлі көл» сияқты Шпицтің романы француз ядролық зорлығының күйреуіне жазылған шығарма сияқты өз туындысының жобасына да мұқият қарайды: романның соңында Тетиаре жазушы атанып, «тәрк еткен арманы — елі мен халқының тарихын»25 25 «Son rêve abandonné, écrire l'histoire de son pays et de son peuple, leur histoire» (Spitz, L’île des rêves écrasés, 200). жазуды мұрат етеді. Романның соңғы жолы өз-өзіне бағытталған нақты тұспал екені даусыз: Терия әпкесіне: «Біз мезгілсіз үзілген армандар аралында дүниеге келдік»26 26 «Nous sommes nés sur l’île des rêves écrasés» (Spitz, L’île des rêves écrasés, 201).Өлең былай басталады:

, — дейді.

Белгілі бір мағынада роман кейіпкерлерінің өз өмірі мен айналасы «үзілген армандардан» тұратынын түсіну тәсілдеріне де, көп жағдайда авторы Шпицтің өзі саналатын жазушы-кейіпкерді тудыратын жағдайларға да назар аудара отырып, жаратылыс тарихын саналы түрде баяндайды (арнау мұны азды-көпті айқын көрсетеді; Шпиц романын арнаған шынайы өмірдегі анасы мен әжесінің есімі де — Тетиаре). 

Алайда, Исмаилов сияқты Шпицтің де жазу процесіне қарым-қатынасы күрделі. Тетиаренің «Сөзсіз музыка» сияқты атаулары бар көптеген өлеңі жазудың саяси пайдасын нақты мәселе етіп, оның Маохи Нуиде болған француз зорлығын, соның ішінде бомбалау салдарынан болған қирауды дәл көрсету қабілетіне күмән келтіреді. Десе де, романның соңында жазылған «Ti’amāra’a» («Еркіндік») атты өлең ерекше назар аударуға тұрады.

J’ai écrit ton nom dans le ciel sans nuage
J’ai crié ton nom dans la vallée sans écho
J’ai chanté ton nom sur la mer sans rivage
J’ai pleuré ton nom dans mon cœur sans rêve.

J’ai effacé ton nom dans ma mémoire sans lendemain
J’ai caché ton nom sous le voile de l’indifférence
J’ai perdu ton nom sous la puissance de l’argent.
J’ai oublié ton nom sous les huées des hommes…27 27 Spitz, L’île des rêves écrasés, 195-196.

Мен сенің есіміңді бұлтсыз аспанға жаздым,
Сенің есіміңді атап, үнсіз алқапта айғай салдым, 
Түсінен айырылған жүрегімде сенің есіміңді атадым. 

 

Ертеңгі күннен ажыраған жадымнан сенің есіміңді өшіріп тастадым,
Сенің есіміңді енжарлықтың пердесінің артына жасырдым, 
Сенің есіміңді ақшаның билігінде жоғалттым,
Жұрттың келекесінен сенің есіміңді ұмыттым…

«Ti’amāra’a» бір қарағанда жазудан («Мен сенің есіміңді жаздым») эмоцияның вербалды емес көріністеріне («Мен сенің есіміңді атап, айғай салдым») ауысып, таңғалдырады, сайып келгенде жоқ болуға («Мен сенің есіміңді жасырдым», «Мен сенің есіміңді жоғалттым») бастайды. Өлең осылайша жазу жобасына деген сенімсіздікті айқын көрсетеді, ол тіпті алғашқы шумақтарда-ақ бұзады. 

Бір қызығы, бұл мәтін де «Өлі көлдегі» Исмаиловтың баяндаушысы қолданған әдебиеттегі кірме түріне ұқсас тәсілді қолданады: «Тиамараа» әйгілі француз поэмасы, Пол Элюардың «Либертесіне» (1942) жасалған пародия болса керек. Ол жазбаша сөзге ерекше назар аударуымен ерекшеленеді28 28 Джереми Бинхэмге бұл мәселеге менің назарымды аударғаны үшін алғыс! :

Sur mes cahiers d’écolier
Sur mon pupitre et les arbres

Sur le sable sur la neige

J’écris ton nom

Sur toutes les pages lues
Sur toutes les pages blanches
Pierre sang papier ou cendre
J’écris ton nom29 29 Paul Éluard, «Liberté», Poésie et vérité (Paris: de la Main à plume, 1942), 26, https://gallica.bnf.fr/ark:/12148/bpt6k316180j/f13.item#.

Менің мектеп дәптеріме
Менің үстелімде және ағаштарда
Қардағы құмда
Мен сенің атыңды жазамын. 

Барлық оқылған беттерде
Барлық ақ парақтарда
Қан мен күлдің тас қағазында
Мен сенің есіміңді жазамын.

Дегенмен мұндай кірме тәсілдің үлес салмағы «Өлі көлге» қарағанда айқын емес. Десе де, Исмаиловтың баяндаушысының кірме тәсілі баршаға белгілі мифтің аясына сыйғызу мақсатында Ержанның оқиғасын бұрмалап, ядролық зорлықты жойса, Тетиаренің тәсілі оның орнына алынған мәтінді мейлінше қиратады: Шпицтің романында Элюар поэмасының қаңқасы оның орталық қайырмасын («Мен сенің есіміңді жазамын» маңызды күштің бекітілген тұжырымы) жоққа шығарғаннан кейін ғана Тетиаренің тақырыбын (Маохидің тәуелсіздігі, Маохи Нуиде жарылған француз ядролық бомбаларының жиырма жылдығы) орналастыра алады. Осылайша, Тетиаренің поэмасы жазу әрекетінің өзін проблемаға айналдырып қана қоймай, сонымен бірге ядролық зорлықты қалыпты етуге, қала берді біздің назарымызды оны бірінші болып бастан кешкен байырғы халықтардан аударуға ұмтылатын Исмаиловтың баяндау тәсілі сияқты мәтінаралық жобаның бір мүмкіндігі ретінде жоққа шығарады. Бірақ Тетиаренің жазбаша сөз тілдің не нәрсеге қарсы тұратынын сипаттай алатынына күмәнданғанына қарамастан, оның жазушы болуға және Маохи Нуиді аз зерттеген «бөтен адамдардың ісі болып қалатын» жұмысқа араласуға деген ұмтылысы сақ оптимизмнің бір түрін көрсетеді. Тетиаре жобасын әртүрлі кезеңде проблемаға айналдыратынына қарамастан, Терия олай істемейді; Тетиаренің дайын қолжазбасын оқып болған соң: «Сен өз тарихыңды жазуға тиіссің»30 30 Spitz, L’île des rêves écrasés, 200. Emphasis mine. дейді.

Романның соңында жазу жобасы тағы да күмән тудырады, өйткені Шпиц бізді оның романы сайып келгенде қандай оқиғаны бейнелейтінін білуге ​​мәжбүр етеді. «Мезгілсіз үзілген армандар аралы» Тетиаре шығармашылығына айтарлықтай назар аударғанымен, романның соңғы абзацтарында кездесетін мәтін Тетиареге тиесілі емес және Маохилердің қаупіне мүлдем қатысы жоқ. Оның орнына «Мезгілсіз үзілген армандар аралы» орталықтағы ақ нәсілді француз зерттеушісі Лаура жазған күнделікті Тетиаренің алуымен аяқталады. Романның соңғы үштен бір бөлігінде күнделігі келтірілген Лаура үшін француздың Маохи Нуидегі ядролық сынақтары туралы әңгіме жеке мәселеге жатады: оның жазбаларының көпшілігі қысқа, десе де жақын қарым-қатынаста болған Терияға сүйіспеншілігіне арналған. Бірақ Терияға сезімін сипаттай отырып, Лаура махаббат хикаясының экстатикалық, сәйкесінше, жалпыға ортақ тілін қолданады. Соңғы жазбаларының бірінде Терияны сипаттай отырып, ол былай дейді:

Il était beau, comme le soleil qui se lève 
Ses mots d’amour, comme le chant des sirènes 
Effaçaient la triste réalité du monde.

Il était jeune, comme un jour à peine ébauché
Ses sourires, comme l’arc-en-ciel multicolore 
Éclairaient mon âme baignée de pluie. 

Il était beau, il était jeune,
La folie éternelle de l’amour 
A bercé mon cœur de rêves impossibles. 

Il était beau, il était jeune 
La raison des hommes me laisse orpheline 
D’un amour sans lendemain31 31 Spitz, L’Île des rêves écrasés, 187. .


Ол енді шыққан күн сияқты өте жас еді,
Оның күлкісі сан түсті кемпірқосақ дерсің,
Жаңбырмен жуған жаныма сәуле сыйлады. 

Ол ғанибет еді, ол жас еді,
Махаббаттың мәңгілік ессіздігі
Орындалмаған армандармен жүрегімді еліктірді. 

Ол ғанибет еді, ол жас еді,
Адамдардың санасы мені жетім
Ертеңі жоқ махаббатсыз қалдырады.


Лораның махаббат туралы сірескен сөз тіркестері («Ол шыққан күндей ғажап еді»; «махаббаттың мәңгілік ақымақтығы/жүрегімді жаулап алды») «Мезгілсіз үзілген армандар аралының» өзекті мәселесіне мейлінше кереғар сипатта көрініс табады (сондай-ақ оның терең түпнұсқа тіліне және жердің әдеттен тыс жат сипаттамаларына негізделген). Бірақ роман әлемінде маохи тәжірибесінің нақты, қасақана поэтикасынан гөрі махаббат хикаясының жалпы, зиянсыз тілі мәтіндік жазбаның бір бөлігі ретінде сақталған: Тетиаре романның соңғы бетінде қолына ұстаған және ағасынан жасыратын Лаураның күнделігі романның ең көзге түсетін тұсы және оның жазба мұрағатының жалғыз материалдық қосымшасы болып саналады. 

Лораның маохи мәтіндік жазбаларының бір түрі деп санауға болатын орасан зор маңызы романның соңғы жолында мейлінше терең сипатталған әрі атауын да осыдан алады. «Біз мезгілсіз үзілген армандар аралында дүниеге келдік» деген жол пессимистік болса да, маохилік әпкелі-бауыр органикалық түрде қол жеткізген трансцендентал түсінік ретінде емес, Терияның жиырма жыл ішінде Лаураға жасаған жалғыз сілтемесі ретінде ұсынылған: «32 32 Spitz, L’Île des rêves écrasés, 201. En vingt ans, [Terii] ne fait qu’une légère allusion à Laura: ‘Nous sommes nés sur l’île des rêves écrasés»32 32 Spitz, L’Île des rêves écrasés, 201. .

Егер романның атауы «Лаураға жасалған жеңіл ишарат» болса, онда біз кімнің оқиғасын оқыдық? Оның маңызы бар ма? «Өлі көл» сияқты «Мезгілсіз үзілген армандар аралында» да баяу зорлық хикаясы басқа жанрдан алынған танымал және жағымды оқиғаға ауысады. Осының нәтижесінде оның зорлығы да жоғалады. Адамзат тарихындағы ең үлкен және ең қасіретті азаптың бірі туралы баяндайтын «Мезгілсіз үзілген армандар аралы»34 34 (From Amazon: «L’Île des rêves écrasés»  met en scène ce malaise omniprésent qui déchire la Polynésie française d’aujourd’hui. Si son écriture semble agressive, c’est à une histoire d’amour que l’auteur nous convie…») көбіне махаббат хикаясы ретінде жарнамаланып, солай сатылды. Бұл романның неғұрлым бас имейтін әрі күрделі тақырыптарының кірме жанрын сәтті пайдаланғанының куәсі болса керек.

Екі роман да ядролық сынақтың баяу зорлығын тек зорлықтың өзі арқылы ғана баяндауға болатынын алға тартады. Бірақ, менің ойымша, бұл екі әдеби мәтінде ядролық әдебиеттің поэтикасы мен ядролық әдебиетті зорлық-зомбылықтан айыратын кірме тәсілінен гөрі басқа дүние бар: Шпиц пен Исмаилов, сөз жоқ, баяндау формасымен айналысса да, олар ядролық зорлық туралы әңгімені кім айтатынына да мұқият назар салады. «Мезгілсіз үзілген армандар аралында» Маохи Нуидің бомбалануында ақыры ақ француз әйел баяндау тәсілін қолға алады, ал оның махаббат хикаясы әңгіменің эмоциялық өзегі ретінде оңай қабылданады; «Өлі көлдің» баяндаушысының ұлты белгісіз болғанымен, Ержанның қазақ диалектісін жетік білмеуі кем дегенде оны сол аймақта бөтен жанға айналдырады, десе де, тартымды оқиға тудыру үшін Ержанның өмірін бұрмалайды. 

Осылайша, бұл мәтіндердегі жалпы кірме тәсіл бомбалаумен байланысты қатыгездікті жойып қана қоймай, сонымен қатар оны бастан кешірген адамдардан бақылауды тартып алуға бейім келеді. «Өлі көл» де, «Мезгілсіз үзілген армандар аралы» да кірме тәсілдеріне қатысты алаңдайды, қайткен күнде олар жергілікті халықтардың тарихын аутсайдерлер тарапынан қайта қарауға мүмкіндік береді. Ал зардап шеккендердің бомба тастаудың қатыгездігі туралы айтқаны олар үшін не қызықсыз, не өзекті емес. Басқаша айтқанда, мәтіндер жазба мұрағатты құрудың негізінде жатқан билік құрылымдарына қатысты белгілі бір қауіпті көрсетеді: олар кімнің әңгімесін тыңдайды? Кімнің әңгімесін айтады және кім айтады?

Ұзақ жыл бойы француздың Маохи Нуиді бомбалау тарихы іс жүзінде ашық айтылмады және оған қатысты француз құжаттарының көпшілігі 2013 жылға дейін құпия болды. Француз үкіметі медициналық проблемалары CEP қызметімен анық байланысты болуы мүмкін адамдарға шамалы қаржылай өтемақы төлеу арқылы жарылыстардың әсерін жария түрде мойындай бастағанымен, бұл қаражатқа Маохи емес, ақ адамдар ие болды; олардың басым көбі Лаура сияқты кәсіпорында қызмет еткен35 35 Моруроа файлдары. . «Мезгілсіз үзілген армандар аралы» жарияланғаннан кейін үш он жыл зырғып өтсе де, әңгімесі тыңдалатын әрі ақшалай құндылығы бар деп саналатын адамдардың типіндегі сәйкессіздікті байқау қиын емес. 

Ядролық сынақтың қазақстандық құрбандары үшін үндеу тізбегі өте бұлдыр: Семей полигоны жабылғаннан кейін көп ұзамай 1991 жылы Кеңес Одағы құлап, Қазақстан тәуелсіз елге айналды. Бірақ полигон оқиғасы және оны жабуға көмектескен трансұлттық коалиция «Невада-Семей» қозғалысы бомбалаудан зардап шеккен халыққа аса көңіл бөлмей, Кеңес мемлекетін жеңгенін елестету үшін қолданылған ұлтшыл мифке айналды.

«Өлі көл» мен «Мезгілсіз үзілген армандар аралы» көрсеткендей, трансұлттық ядролық зорлық туралы баяндаудың маңызды бөлігі бар. Бәлкім, мәтіндер біз қандай әңгіме күтетініміз және оларды кімнен тыңдауға ұмтылатынымыз туралы үміт етуімізді өзгерту керектігін білдірсе керек.