Фуркат Палван-Заде. Интро: Шындық пен қиял
Күмән жемісті болуы мүмкін, десе де қазіргі тарихи жағдайда ол созылмалы дерт сияқты. Фредрик Джеймисонның пікірінше, репрезентация — кейінгі капитализм мен жаһандану белгілерінің бірі. Басқаша айтқанда, шиеленіскен жаһанданған әлемдегі экономикалық, әлеуметтік және саяси процестердің күрделілігі тіл мен сөйлеудің мүмкіндіктерінен асып түседі және мұны сөзбен немесе көрнекі бейнелер арқылы жеткізу 1 Джеймисонның пікірінше, кез келген капитализм, постмодернизм және жаһандану белгілерінің бірі – сингулярлық эстетика, кеңістіктің жаңа мәнін білдіретін кеңістік қиылысы. Осылайша, инсталляция сол уақыттың типтік өнер түріне айналады, ал куратор осы жаңа мәдениет жағдайын жасаушы және әртүрлі елден келген көптеген қатысушының қажеттілігін қанағаттандыруға арналған сақтандырудың жаңа формалары түрінде көрініс тапқан оғаш заттардың жалпы мағынасын таныта алатын жалғыз тұлғаға айналады. Қараңыз: The Aesthetics of Singularity. https://newleftreview-org.yale.idm.oclc.org/issues/ii92/articles/fredric-jameson-the-aesthetics-of-singularity . Күнделікті тәжірибе мен осы тәжірибе орын тепкен көкжиек арасындағы бұл алшақтық қастандық теориясын тудырады, ол теория тым бұрмаланған түсіндіру моделінен тұратын жалған біртұтас дүниетанымдық көзқарасты алға 2 Философ Фредрик Джеймисонның мұрасы туралы Елена Петровскаяның қазанама мақаласы (орыс тілінде) https://gorky.media/context/zavershit-marksizm-literaturoj/ .
Бұл проблемалар жаңалық емес, олар ХХ ғасырдың екінші жартысында айқын бола бастады. Алайда кейінгі 10 жылда олар әлеуметтік желілердің қазірдің өзінде байқалатын үстемдігі және жасанды интеллектінің төбесі көрініп, жақындап келе жатқан үстемдігінен көрінетін постшындық контексі мен бұқаралық коммуникацияның дамып келе жатқан технологиялық базасы негізінде жаңа мағынаға ие болды. Постмодерн және кеш келген капиталистік мәдени логиканың бұл жүйелі қабынуы өмірдің сан түрлі саласында көрініс тапты. Саясаткерлер өзін туабітті тарихшы есебінде көрсетеді және саяси бағдарламаның орнына ортағасырлық тарих бойынша танымал дәрістер ұсынады. Жарияланған жаңалықтың ішіндегі фактіні тексерумен ғана айналысатын арнайы медиа пайда болады. Оның үстіне кейбір бұқаралық ақпарат құралдары арандату әрі сатиралық ұстаныммен тек фейк жаңалық жариялайды, бірақ бір қайшылық бар: бұл оны шындыққа жақындатпайды.
Шығармашылық және академиялық өндіріс саласында бұл созылмалы күмән жаңа жанрлардан көрінеді. Эстетикалық нысандарды жасаудың орнына, суретшілер журналистік зерттеумен,
3
АҚШ-тағы апиын дағдарысына жауапты Purdue Pharma Corporation мен Саклер әулетіне қарсы Нэн Голдиннің сот ісімен шектесетін ең шабыт сыйлайтын белсенді есебіндегі жүзеге асырған жобаларының бірі. Бұл құқықтық шайқас All the Beauty and the Bloodshed (2022) фильмінде таспаланған.
және
4
Клэр Бишоптың Information Overload мәтінімен танысыңыз: https://www.artforum.com/features/claire-bishop-on-the-superabundance-of-research-based-art-252571/
айналысады, ал өнер институциялары саяси кеңістікке айналып, авторлар мен көрермен саяси образдарды түзетуге және болашаққа жаңа көзқарас ұсынуға қабілетті жеке-дара саяси қайраткерге айналады.
Сайып келгенде, зерттеуші ғалымдар академиялық үн қатудың баяндау тәсілі мен басқа да балама формаларын қолданады. Ал шындығында олар шындықты қатаң дәлелдер мен ғылыми фактіге апарып тіремейтін, сезімге құрылған эстетикалық тәжірибе ретінде қарастырып, теория мен практика арасындағы Картезиандық арақашықтықты еңсеруге көмектесуі керек еді.
Horizon-ның үшінші шығарылымында осы мәселелерді қарастырамыз және шығыста Қырғызстан, батыста Грузияға дейін созылатын Орталық Еуразия деп атауға болатын аймақтағы зерттеушілер мен суретшілердің жаңа буыны саналатын әйел авторлардың жаңа қауымдастығын біріктіреміз. Бұл қауымдастық тұрақты ұйымға айналады және Horizon аясында гүлденіп, дами береді деп сенемін.
Шығарылым авторлары: Александра Деннетт, Лиора Айзенберг, Дильда Рамазан, Анна Пронина, Нина Ахвледиани, Георгий Спандерашвили, Бермет Борубаева, Дана Искакова, Ажар Дюссекенова және Элеанор