Issue 3.0 Шындық пен қиял
Күмән жемісті болуы мүмкін, десе де қазіргі тарихи жағдайда ол созылмалы дерт сияқты. Фредрик Джеймисонның пікірінше, репрезентация кейінгі капитализм мен жаһандану белгілерінің бірі. Басқаша айтқанда, шиеленіскен жаһанданған әлемдегі экономикалық, әлеуметтік және саяси процестердің күрделілігі тіл мен сөйлеудің мүмкіндіктерінен асып түседі және бұл күрделілікті ¹сөзбен немесе көрнекі бейнелер арқылы жеткізу мүмкін емес.¹ Күнделікті тәжірибе мен осы тәжірибе орын тепкен көкжиек арасындағы бұл алшақтық қастандық теориясын тудырады, ол теория өз кезегінде тым ²бұрмаланған формадағы² қажет етілетін түсіндіру моделінен тұратын жалған біртұтас дүниетанымдық көзқарасты алға тартады. Бұл проблемалар жаңалық емес, олар 20-шы ғасырдың екінші жартысында айқын бола бастады. Алайда соңғы 10 жылда олар әлеуметтік желілердің қазірдің өзінде байқалатын үстемдігі және жасанды интеллекттің төбесі көрініп, жақындап келе жатқан үстемдігінен көрінетін пост-шындық контексі мен бұқаралық коммуникацияның дамып келе жатқан технологиялық базасы негізінде жаңа мағынаға ие болды. Постмодерндік және кеш келген капиталистік мәдени логиканың бұл жүйелі қабынуы өмірдің сантүрлі саласында көрініс тапты. Саясаткерлер өздерін туа бітті тарихшылар есебінде көрсетеді және саяси бағдарламаның орнына ортағасырлық тарих бойынша танымал дәрістер ұсынады. Жарияланған жаңалықтардың фактілерін тексеретін міндеті ғана бар арнайы медиа пайда болады. Оның үстіне кейбір бұқаралық ақпарат құралдары арандатушылық және сатиралық позицияны ұстанып, тек фейк жаңалықтарды жариялайды, бірақ бір қайшылығы — бұл оны шындыққа жақын етпейді. Шығармашалық және академиялық өндіріс саласында бұл созылмалы күмән жаңа жанрлардан көрінеді. Эстетикалық нысандарды жасаудың орнына суретшілер журналистік зерттеумен, сот ³ісімен³ және мұрағаттық ⁴зерттеулермен⁴ айналысады, ал өнер институциялары саяси кеңістікке айналып, авторлар мен көрермендер саяси образдарды түзетуге және болашаққа жаңа көзқарастар ұсынуға қабілетті жекедара саясат қайраткерлеріне айналады. Сайып келгенде, зерттеуші-ғалымдар академиялық үн қатудың баяндау тәсілі мен басқа да баламалы формаларын қолданады. Ал ақтығында олар шындықты қатаң дәлелдер мен ғылыми фактілерге апарып тіремейтін, сезімдік және эстетикалық тәжірибе ретінде қарастырып, теория мен практика арасындағы Картезиандық арақашықтықты еңсеруге көмектесуі керек еді. Horizon-ның үшінші шығарылымында біз осы сұрақтарды қарастырамыз және шығыста Қырғызстаннан, батыста Грузияға дейін созылатын Орталық Еуразия деп атауға болатын аймақтағы зерттеушілер мен суретшілердің жаңа буыны саналатын әйел-авторлардың жаңа қауымдастығын біріктіреміз. Бұл қауымдастық тұрақты ұйымға айналады және Horizon аясында гүлденіп, дами береді деп сенемін.
Барлық материалдар, соның ішінде мәтін, суреттер және бейне мазмұны жарияланған немесе жасалған «Целинный» ЦСК тапсырысы бойынша мазмұнды басқа ресурстарға кез келген пайдалану және орналастыру тек келісім бойынша мүмкін болады.
HORIZON антологиясы (2021 ж. бері шығарылымда) — бұл зерттеу және сыни мәтіндердің, бейнелермен және мультимедиялық жұмыстардың (мысалы, бейне эсселер мен интерактивті таймлайндар) онлайн жинағы. Авторлары заманауи суретшілер, кураторлар, академиктер, т.б. Әр күз сайын жаңа шығарылымдар жарық көреді. Антология Орталық Азияның тарихы мен теориясы, заманауи өнері туралы «Целинный» заманауи мәдениет орталығының HORIZON атты онлайн зерттеу платформасының бөлігі. является частью HORIZON - исследовательской онлайн-платформы ЦСК “Целинный” о современном искусстве Центральной Азии, его истории и теории.